Бейнені паузаға қойыңыз!

Фильмді қарап, зорлық-зомбылықты тоқтатыңыз.

«Алып қашу»

Өз қалаңызда көрсетілім ұйымдастырғыңыз келсе, бізге жазыңыз

Көрсетілім ұйымдастырғым келеді

трейлерді көру

Spotlight номинациясында Alternativa Film Awards 2023 жеңімпазы

Режиссер

Мирлан Абдыкалыков

Ел

Кыргызстан

Түпнұсқа атауы

Кыз ала качуу

19 жасар Үміт анасымен қала шетінде тұрып, медбике болып жұмыс істейді. Және ол "алып қашудың" кездейсоқ құрбаны болады. Фильм Қырғызстанда осы әрекеттен зардап шеккен жас қыздар мен әйелдердің бастарынан өткен көптеген шынайы оқиғаларға негізделген. Бүгінгі күні қатты бұрмаланған ежелгі дәстүрді сылтау етіп, тұрмысқа шығуға мәжбүрлеу үшін ер адамдар әйелдерді ұрлайды.

Не болып жатыр?

Жыл сайын Қазақстанда үйлену мақсатымен мыңдаған қыз ұрланады. Дәстүрді жамылып, қыздардың тағдырын талқандайды

Зардап шеккендер саны азайып жатқан жоқ, өйткені басқа жолдың бар екенін әрқайсы біле бермейді. Ал қыздар болса ұят қармағына түседі. Бұндай қорқынышты жағдайдан тек дәстүрге деген көзқарасты өзгертіп, әйелдердің хикаяларын бөлісе отыра шығуға болады.

Alternativa Film Project — бұл бүкіл әлемдегі әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы бастамалардың маңызды қадамы ретінде inDrive жаһандық технологиялық компаниясы құрған бейкоммерциялық бастама. Жоба кинематографистерді қолдауға, сондай-ақ дамып келе жатқан кино саласындағы жаңа дауыстарды табуға бағытталған.

Біздің миссиямыз —кинорежиссерлерге маңызды әлеуметтік мәселелер, соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы айтуға мүмкіндік пен алаң беру. Құқық қорғау ұйымдары және кино саласының мамандарымен біріге біз ұрлау құрбандарының дауыстары естілгенін қамтамасыз етеміз.

НҰСҚАУЛЫҚ

Некеге мәжбүрлеу мақсатында ұрлаудан аман қалғандар не істеуі керек? Біздің серіктестеріміз Batyr Jamal және Til Kespek Joq заңгер және құқық қорғаушы Татьяна Чернобильден, гендерлік теңдік және инклюзия бойынша сарапшы Нұржамал Иминовадан және дағдарыс жағдайларына маманданған психологтардан кеңестер жинады.

Есіңде болсын: еркіңе қарсы ешбір жерде қалуға міндетті емессің. Тіпті қазір қандай да бір әрекетке күшің болмаса да, уақыты келгенде міндетті түрде бұл жағдайдан шығатын боласың. Сен бүлінбегенсің, сен бақытты болуға құқығыңды жоғалтқан жоқсың. Сенің жаңа өмір бастап, махаббатыңды тауып, салауатты қарым-қатынас құруға әлі де талай мүмкіндіктерің бар.

қадам #1
icon

Полицияға хабарлау

Қылмыс жайлы хабарлауға қорықпа: ұрлау немесе ұрлау қаупі жайлы арыз бер. Бұл істе дәлелдер саған көмектеседі, сондықтан оларды алдын ала жина. Қалай? Ол жайлы келесі нұсқауларда.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #2
icon

Қоқан-лоқы көрсету мен ұрлауға қатысты барлық дәлелдерді жина

Дәлел ретінде ұрлаушы мен оған көмектескендерден хабарламалар мен қоңыраулар хикаялары, уайымдарыңмен бөліскен және көмек сұраған достарыңмен және туысқандарыңмен алмасқан хаттар, сондай-ақ телефонның қозғалыс тарихы (реттеулерде геодеректерді бақылау қосулы болса) болуы мүмкін.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #3
icon

Дене жарақаттарын тірке

Бұл қылмыстың нық дәлелі болады. Кез келген ауруханаға барып, «Қатыгездікпен қарау нәтижесінде дене жарақаттарын және (немесе) психологиялық әсер етуді тіркеу үшін есепке алу құжаттамасын толтыру жөніндегі Нұсқаулық» бойынша қарауды сұрай аласың.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #4
icon

Мамандардан көмек сұра

Қазақстанда қыин жағдайға тап болған әйелдерге құқықтық және психологиялық көмек көрсететін дағдарыс орталықтары бар. Сондай-ақ барлық облыстарда әкімдіктерде әйел істері бойынша комиссиялар мен полиция департаментінің зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер жұмыс істейді. Байланыс тәсілдері төменде.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #5
icon

Жариялылық туралы ойла, бірақ өз қауіпсіздігіңді ұмытпа

Болған оқиға жайлы БАҚ пен құқық қорғаушыларға айтуға болады – көп жағдайда қосымша жариялылық қылмыскерлерді жазалауға көмектеседі. Бірақ егер оқиға кесірінен өзіңе және отбасыңа қауіп төніп тұрғанын сезінсең, полициядан қорғаныс сұрауға немесе тұратын жеріңді уақытша өзгертуге болады.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #6
icon

Өзіңе айып тақпа

Мұндай жағдайларда әйелдер жиі «Бұл менің кінәм» немесе «Бұның алдын алуға болатын еді» деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл олай емес. Кінә әрқашан қылмыскерде. Сенің бостандық пен қауіпсіздікке құқың бар.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #7
icon

Сезімдерге жол бер

Ашу, үрей, қайғы. Эмоцияларыңды баспа, олар саған оқиғаларды бастан кешіруге көмектеседі. Жылағың келсе, жыла. Ашу-ызаны шығарудың қауіпсіз жолын тап. Мысалы, адам жоқ жерге барып, барынша айқай сал.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #8
icon

Өзің үшін қолдау кеңістігін жаса

Өзіңді қауіпсіз сезінетін жерді тап. Бұл сенің бөлмең, достарыңның үйі немесе табиғат болуы мүмкін. Бастысы бәрі сенің бақылауында екенін сез. Өзіңді сенімді адамдармен қоршап, жайсыз сезім тудыратын адамдардан аулақ бол.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #9
icon

Денең мен ойларыңа қамқор бол


Дұрыс ұйықтап, жақсы тамақтан – сенің ағзаңа күтім қажет. Таза ауада серуендер мен жеңіл жаттуғылар да өте пайдалы. Мазасыздықты жеңуге тыныс жаттығулары көмектесе алады. Мысалы былай істе: баяу дем алып, деміңді 7 секундқа ұста, 8-ге дейін санап, деміңді шығар.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
қадам #10
icon

Сенуді қайта үйрен


Ұрлаудан кейін адамдарға, тіпті өзіңе қайта сену қиынға түсуі мүмкін. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Біртіндеп достарыңның, жақындарың мен психологтың көмегімен әлемге және өзіңе деген сенімің қайта нығая түседі.

Сені неке мақсатында ұрласа, не істеу керек
01/10

Кризисные центры

Ұлттық телефондық сенім желісі

150
Абай облысы
Семей қаласында «Ана Үйі» ресурстық орталығы
Семей қаласында «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры